Лопес «Тур де Франстың» төртінші кезеңінде алтыншы орын алды
![Лопес «Тур де Франстың» төртінші кезеңінде алтыншы орын алды](https://prosports.kz/upload/news/content//202009/201736_86799cc07fe9ad7fb0333f42baba8707.jpg?v=28650884)
«Тур де Франс» көпкүндік жарысынң төртінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Спортшылар таулы жол бойымен 160,5 шақырымды басып өтті. Төртінші кезеңде «Jumbo-Visma» командасындағы Примож Роглич топ жарды.
«Астана» шабандоздарының ішінде Мигель Анхель Лопес үздік нәтижені көрсетті. Ол мәре сызығын алтыншы болып кесті.
«Тур де Франс». Төртінші кезең
Систерон — Орсьер-Мерлетт. 160.5 шақырым
1. Примож Роглич (Словения, «Jumbo-Visma») — 4:07:47
2. Тадей Погачар (Словения, «UAE-Team Emirates»)
3. Мартен Гийом (Франция, «Cofidis»)
6. Мигель Анхель Лопес (Колумбия, «Астана»).