Басқа

ISU шорт-тректен әлем кубогының екі кезеңін өткізбейтін болды

ISU шорт-тректен әлем кубогының екі кезеңін өткізбейтін болды
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық конькимен жүгіру одағы онлайн жиын өткізіп, шорт-тректен әлем кубогының алғашқы екі кезеңін өткізбеу туралы шешім қабылдады.

Атап айтар болсақ, шорт-тректен Канадада өтетін әлем кубогының екі кезеңі өткізілмейді. Алғашқы жоспар бойынша, маусым басындағы алғашқы екі кезең Канаданың Монреаль қаласында 6-8 қарашада, Лаваль қаласында 13-15 қарашада өтуі тиіс болатын.

Әлем кубогының Оңтүстік Корея мен Қытайдағы екі кезеңіне байланысты нақты шешім әлі қабылданған жоқ.

Халықаралық одақтың мұндай қадамға баруына COVID-19 індеті қаупінің әлі сейілмеуі себеп болып отыр.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер