Ауыр атлетика

Бахыт Ахметов: Спортшылардың нәтижесіне көңілім толады

Бахыт Ахметов: Спортшылардың нәтижесіне көңілім толады
news-banner7
mobile-news-top

Өзбекстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ауыр атлетикдан ұйымдастырылған халықаралық жарыс аяқталды. Осыған орай, Қазақстан құрамасының бас бапкері Бақыт Ахметов ҰОК сайтына жарысты қорытындылар берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Спортшыларымыздың аталған жарыстағы көрсеткішіне баға беру қиындау. Зульфия екінші орын алды, ал Ибрагим алтыншы орынға тұрақтады. Ешқандай дайындықсыз жарысқа қатысып, осындай көрсеткішке қол жеткізіп отыр. Өздеріңіз білетіндей, біз наурыз айынан бері оқу-жаттығу жиынын өткізген жоқпыз. Спортшылар да, тиісінше, үйде дайындық жұмыстарын жүргізді. Сондықтан, спортшыларымыздың бүгінгі нәтижесіне көңілім толады.

Ұзақ үзілістен кейіннгі алғашқы жарыс онлайн өтсе де, бізге ұмыт болған жарыстың фтмосферасын сезіндірді», - дейді ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Бақыт Ахметов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер