Жеңіл атлетика

Әлемдік рекорд үш жылдан кейін мойындалды

Әлемдік рекорд үш жылдан кейін мойындалды
news-banner7
mobile-news-top

World Athletics онсайыстан 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында германиялық Никлас Каул орнатқан әлемдік рекордты мойындады.

Рекордты тіркеу үшін үш жылға жуық уақыт кетті. Никлас 2017 жылы 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен Еуропа чемпионатында 8435 ұпай жинаған болатын. Алайда, ұзақ уақыт бойы оның жетістігін ресми түрде мойындалған жоқ.

Бұған Еуропа чемпионатын қабылдаған стадионның сертификаты жоқтығы себеп болған. Спорттық нысан 2020 жылдың мамырында ғана лицензия алды.

Айта кетелік, Никас 2019 жылы ересектер арасында әлем чемпионы атанған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер