Басқа

Ұлттық құрамалар оқу-жаттығу жиындарына оралды

Ұлттық құрамалар оқу-жаттығу жиындарына оралды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық спортшылар оқу-жаттығу жиындарына оралды. Карантин жағдайдағы оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру және бақылау үшін құрылған Ұлттық Ұлттық Олимпиада комитетінің жедел штабы ұлттық құрамаларға арналған оқу-жаттығу жиындарын өткізу мен ұйымдастыруды қайта бастау туралы шешім қабылдады.

ҰОК-мен аккредиттелген мамандандырылған спорт базаларына Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылдың 14 тамызындағы №47 қаулысына сәйкес жаттығу процестерін санитарлық-дезинфекциялық режимді толық сақтай отырып қана жүргізуге рұқсат етіледі.

– Оқу-жаттығу жиындарына қатысатындардың барлығын қауіпсіздікпен қамтамасыз ету – біздің басты мақсатымыз болып қала береді. Жаттығу жиынын жалғастыру процесін барлық ҰОК қызметтері, федерациялар мен спорттық базалардың әкімшіліктері қауіпті азайту және ұлттық құрамалар үшін толыққанды дайындықты ұйымдастыру үшін пысықтады. Карантин режимінің ұзаққа созылуы спортшылардың формасына әсер еткені сөзсіз, сондықтан жаттықтырушылардың өздері де, спортшылар да оқу-жаттығу жиынының қайта басталуын тағатсыздана күтті. Жедел штаб спорт нысандарындағы санитарлық нормалардың сақталуын бақылауды күшейтті және біз барлық тараптарға олардың кәсіби жұмысы мен түсіністік танытқаны үшін ризашылығымызды білдіреміз. Біз бәріміз спорттың қайта оралғанын қаласақ та, ең бастысы спортшылар мен жаттықтырушыларың денсаулығына қауіп төндірмеуді басты мақсатымыз деп білеміз. Сондықтан, барлық талапты қатаң сақтаймыз, - дейді Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков.

Жаттығу жиыны кезінде нысандардың дайындығы, талапқа сәйкестігі және олардың белгіленген нормаларды сақтауы жедел штабтың қатаң бақылауында болады. Спорт нысандарында барлық санитарлық норманың сақталуын қамтамасыз ету үшін үнемі тиісті тексерулер жүргізіледі. Тамыздың үшінші онкүндігінен бастап ауыр атлетика, фристайл, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, керлинг, садақ ату, шорт-трек, гандбол және көркем гимнастика құрамалары қазірдің өзінде оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатқан командалар қатарына қосылды.

Оқу-жаттығу жиындарына рұқсат алу үшін барлық спортшылар мен жаттықтырушылар ПТР тестілеуден бірнеше рет өтеді. Атап айтқанда, спорт базаға келер алдында және карантиндік режимінен өткеннен кейінгі оқу-жаттығу жиыны кезінде тапсырады. Тек осы процедурадан өткен адамдарға ғана жиынға қатысуға рұқсат етіледі. Жиынға қатысатын барлық адамдар (спортшылар, жаттықтырушылар, қызметкерлер) қажетті жеке санитарлық құралдарымен толық қамтамасыз етілген.

Оқу-жаттығу жиындары кезіндегі қауіп пен байланысты азайту мақсатында ҰОК спортшыларды қабылдайтын спорттық нысандар мен қатысушыларға арнайы оқшаулау іс-шараларын дайындады. Базаға ҰҚК мүшелерінен басқа адамдардың кіруіне жол жоқ және де қатысушылар саны мүмкіндігінше қысқартылады. Спортшылармен бірге жұмыс істейтін мамандарға да дәл осындай талаптар қойылып, ұлттық құрама мүшелері сияқты арнайы процедурадан өтеді. База ішіндегі жұмыстарды атқаратын өзге де қызметкерлердің кез келген спортшымен байланысқа түсуіне тыйым салынады. Спортшылар мен қызметкерлерді тексеру күніне бірнеше рет жүргізіледі. Нысана спортшылар жоқ кезде арнайы кесте бойынша дезинфекцияланып отырады.

Барлық ұлттық құрама команданың басты мақсаты Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алу мен алдағы қысқы маусымға дайындалу басты мақсат болып қала береді.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер