Али Ахмедов рингке оралу үшін жаттығуын бастады (видео)
![Али Ахмедов рингке оралу үшін жаттығуын бастады (видео)](https://prosports.kz/upload/news/content//202008/204253_a672f834384e8e5adb24fb44f3915306.jpg?v=28642998)
Орта салмақ дәрежесіндегі жеңілістің ащы дәмін татып көрмеген, WBC International Silver белбеуінің иегері Али Ахмедов (16-0, 12 КО) жаттығуы кезінде түсірілген видеосын әлеуметтік желіге жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Еске сала кетелік, боксшы соңғы рет өткен жылдың қазан айында Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында америкалық Эндрю Эрнандесті (20-8-2, 9 КО) нокаутқа түсірген еді. Ахмедов Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) GGG Promotions промоутерлік компаниясының клиенті саналады.