Әлем футболы

Роналдудың голы Чемпиондар лигасында үздік атанды (видео)

Роналдудың голы Чемпиондар лигасында үздік атанды (видео)
news-banner7
mobile-news-top

2019/20 маусымындағы Чемпиондар лигасының үздік голдары туралы бұдан бұрын жазған болатынбыз. Prosports.kz назарларыңызға ең үздік 5 голға бейнешолу ұсынады

Рейтингте «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду көш бастап тұр. Оның 1/8 финалда «Лионға» соққан голы турнирдің ең таңдаулы голына айналды.

Үздік үштікке Марсель Забитцердің («РБ Лейпциг») «Зенит» қақпасына және Хуан Куадрадоның («Ювентус») «Атлетико» қақпаларына соққан голдары кіріп отыр.

Ал «Барселона» шабуылшысы Луис Суарестің «Интер» қақпасына қақырата соққан голы мен «Бавария» ойыншысы Серж Гнабридің «Лион» қақпасын дәл көздегені бестікті түйіндеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер