Жеңіл атлетика

World Athletics сырықпен секіру және жартылай марафоннан әлемдік рекордты мойындады

World Athletics сырықпен секіру және жартылай марафоннан әлемдік рекордты мойындады
news-banner7
mobile-news-top

World Athletics сырықпен секіруші Арманд Дюплантис пен жартылай марафоншы Абабель Йешаненің әлемдік рекордын ресми түрде тіркеді.

15 ақпан күні Глазгода (Шотландия) өткен Бүкіләлемдік жеңіл атлетика турында швециялық Арманд Дюпантис 6,18 метрді бағындырған болатын.

Ал эфиопиялық Абабель Йешане 21 ақпан күні Рас-эль-Хайма жартылай марафонында 1:04:31 уақыт көрсеткішімен әлемдік рекордқа түзету енгізді.

Әлемдік ұйым аталған атлеттердің рекордын ресми түрде мойындады.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер