Хоккей

«Ертіске» қазақстандық шабуылшы ауысып келді

«Ертіске» қазақстандық шабуылшы ауысып келді
news-banner7
mobile-news-top

«Ертіс» хоккей клубы шабуылшы Кирилл Ядрышниковпен келісімшарт жасасқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойыншының соңғы клубы «Алматы» болды. Аталған команда сапында ол 21 кездесуге қатысып, 7 (3+4) ұпай жинады. Алайда, Ядрышников алдыңғы маусымда өнер көрсеткен жоқ.

Кирилл Ядрышников 1996 жылы 7 ақпанда Өскеменде дүниеге келген. Жергілікті хоккей мектебінің тәрбиеленушісі. Мансабында «Торпедо-2 Өскемен» (2012 - 2015), «Алтай Өскемен» (2015 - 2016), «Арлан» (2016 - 2017), «Алматы» (2017 - 2019) командаларында ойнады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер