Бокс

Мен, Жетісулық қыздардың Олимпиада жүлдегері боларына сенем!- Жангелді Ахметов

Мен, Жетісулық қыздардың Олимпиада жүлдегері боларына сенем!- Жангелді Ахметов
news-banner7
mobile-news-top

Қазіргі күні Жетісулық бұрымды былғары қолғап шеберлері арасынан әлем біріншілігі мен жүлдегерлері және Азия чемпионадары шықты. Олардың халықаралық деңгейдегі жеткен жетістігіне басты себепкер болған адам Жангелді Ахметов. ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Prosports.kz тілшісіне берген сұхпатында Жетісулық боксшы қыздардың көрсеткен нәтижесі мен қазіргі деңгейі жәйлі айтып берді.

Жангелді Ахметов, ҚР еңбек сіңірген жаттықтарушысы

Жангелді Ахметов, ҚР еңбек сіңірген жаттықтарушысы

- Жангелді, Алматы облысында қыздар боксының жандануы сіздің есіміңізбен байланысты. Жалпы, Жетісу өңірінің қыздары қазіргі үздік нәтижеге қалай жетті?

- Алматы облысындағы қыздар боксының тариғы 2008-ші жылыдан басталады.Мен облыстық дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернатында бапкер болып жүргенімде қарамағыма ұлдармен бірге екі қыз келді. Ол екеуі Қарлығаш Байманапова мен Гүлім Топбаева деген Лепсі аймағының тұмалары екен. Бұл қыздармен жаттығу алаңында тынымсыз дайындалдық. Соның арқасында бір жылдан соң екеуі де Қазақстанның қола жүлдегері атанды. 2009-шы жылы Назым Төлеуова қатарымызға қосылды. Ол, боксқа бейім екендігін бірден байқатты. Қазақстан біріншілігінде 3 рет жеңімпаз атанды. Әлем чемпионатында 3-ші орын алып, еліміздің бұрымды былғары қолғап шеберлеріне дүнеиежүзі аренасында жеңісті жолды ашып берді. Содан бастап, шәкірттерім қандай жарыс болсын жүлдесіз қайтпауды дәстүрге айналдырды. 2013-ші Болгарияда өткен әлем чемпионатында 69 кг. салмағында Гауһар Ермекбай әлем чемпионы атанды. 52кг. салмақта Балауса Мұздыман күміспен күптелді. 70кг. салмақта Баян Ақбаева қола медальді алып қайтты. 2 жылдан соң Тайбейде өткен әлем чемпионатында да қыздар сенімді ақтады. Балауса Мұздыман чемпион атанды.Б. Ақбаева 2 орын, Жазира Орақбаева 3 орыннан көрінді. 2018-19-шы жылдары жаһандық жарыста Гузәл Садықовамен Анелья Құдайберген қола алды. Құрлықтық сайыста Ұлжанай Мамутова мен Анар Тұрсынбекте күміс, қола жүлдемен елге оралды.

-Сіздің шәкіттеріңіз үмітіңізді ақтамай көңіліңізді құлазытқан кездері болды ма? Ондай жағдайда қандай амалдар қолданасыз? Өйткені, әр-бір жаттықтырушының мұндай сәттерде өзіндік іс-әрекеттері болары анық...

-менде мұндай кездер болған жоқ, деп сенімді айтамын. Өйткені, жарысқа дайындап апарған спортшым жеңіліп қалған жағдайда, бұл сәттсіздікті тікелей өзіммен байланыстырамын. Мысалы, Анталияда өткен әлем біріншілігінде Алматы облысының екі қызы қатысты.Соның бірі Гауһар Ермекбай еді. Гауһардың қарсыласы Аустаралиялық болатын. Жаттығу кезінде Гауһар екеуміз Аустралиялық спортшының аяқ алысын байқадық. Мен де Гауһар да қарсыласына шамасы жететінін ұғып, бұл сайысты жеңдік, деп алдын-ала іштей түйіп қойып, келесі жекпе-жекке дайындалдық. Нәтижесінде, Гауһар Ермекбай Аустралиялыықтан жеңіліп қалды. Қарсыласты бағаламаудың салдарынан сәтсіздікке ұшырадық. Сол кезде мен шәкіртімнің босаңсуына жол бермей, рингке жігерлендіріп шығарғанымда мұндай болмас еді. Дегенмен екі жылдан соң өткен әлем біріншілігінде Гауһар Ермекбай топ жарды.

Жангелді Ахметов, шәкірті Гауһар Ермекбай

Жангелді Ахметов, шәкірті Гауһар Ермекбай

- Өзіңіз қай жақтың тумасысыз?

-Мен 1980 жылы, Алматы облысы, Алакөл ауданы, Қарабұлақ деген ауылда дүниеге келдім. Онда бастауыш сыныпты аяқтаған соң отбасымызбен Еңбекші ауылына көшіп бардық. Бұл елді-мектенде волейбол, футбол мен боксқа ден қойылған екен. Мен былғары қолғапты таңдадым. Алғашқы жаттықтырушым Тоқтарбек Сәметов болды. Мектеп жасында жүргенде 70-ке жуық жарысқа қатыстым. Спорт шебері атандым. Бапкерлікті Талдықорған қаласында І. Жансүгіров атындағы ЖМУ оқып жүрген кезімде бастадым. 1999-бен 2005-ші жылдар арасында «Өркен» спорт кешенінде, одан соң облыстық дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернатында жаттықтырушы болдым. 2008-ші жылы қыздарды боксқа баулыдым.

-Сіздің шәкірттеріңіз әлем және Азия чемпионы атанды. Қазақстан біріншілігінде үнемі медаль алып келеді. Мұның сыры неде?

-Қыз балаларды дайындау үшін жеке тәжірибеме сүйенем. Яғни, бапкерден бөлек, психолог маманына ұқсап кетем. Жаттығу барысында қыздарға мүлде ұрыспаймын. Бірақ, қателігін тәтпіштеп айтамын. Оның салдары спортшыға теріс әсерін тигізетіндігін түсіндіруге тырысам. Еңбектенуге шақырам. Осыны жете ұққан спортшы ғана белгілі бір жетістікке жетеді.

-Қазір Алматы облысындағы боксшы қыздарының аяқ алысы қалай?

-Біз биыл қыста Павлодар облысында өткен Қазақстан біріншілігінде қыздарымыз жас ерекшелігі бойынша 2 топда өнер көрсетті. Ол чемпионатта 2 алтын, 4 күміс және 6 қола медальді жеңіп алдық. Одан кейін Коронаіндетке байланысты жарыстарға шықпадық. Карантин ережелерін сақтай отырып, бабымызды жоғалтпау үшін үйде дайындалдық.

- Тамыздың 17-нен бастап, карантин шаралары жұмсарды. Осыған байланысты 30 адамнан арақашықтықты сақтап, далада оқу-жаттығу жиындарын өткізуге рухсат берілді.

-Бізде жаттығу жүріп жатыр.Ол тоқтаған емес. Енді, қыркүйектің 7-нен қазанның 7 аралығында Алматы қаласы маңында ел құрамасының кеңейтілген дайындығы болады. Соған 4 қызымыз қатысады. Анелья Құдайберген сол жаттығудан соң Қазан қаласында жалауы желбірейтін халықаралық жарыста ел намысын қорғайды. Онда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің кубогі сарапқа салынады. Ал, Баян Ақбаева деген қызымыз келер жылдың басында Токио Олимпиадасына жолдама тарататын Париждегі лицензиялық турнирде өнер көрсетеді, деп үміттеніп отырмыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер