Басқа

2021 жылы Алматыда бес жаңа спорт кешені салынады

2021 жылы Алматыда бес жаңа спорт кешені салынады
news-banner7
mobile-news-top

2021 жылы Алматыда бес жаңа спорттық-сауықтыру кешені салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мақсат – спорт нысандарын халыққа қолжетімді ету, спорт секцияларының жұмысын ұйымдастыру, спорт нысандарын салу, ескіргендерін жаңғырту. Бүгінгі таңда Алматыдағы спорт нысандарының тапшылығы 31% құрайды. Жағдайды қалпына келтіру үшін 2021 жылы жалпы ауданы 15 мың шаршы метрден асатын бес спорттық-сауықтыру кешенін салу жоспарлануда», - деді Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Рүстем Байсейітов қоғамдық кеңестің отырысында.

Оның айтуынша, бұл кешендерде хореография, көркем гимнастика залдары жұмыс істейтін болады. Сондай–ақ, екі спорт кешенінде бассейн және жекпе-жек залы қарастырылған.

«2020 жылдың екінші жартысында біз құрылысты бастаймыз. Барлық бес спорттық-сауықтыру орталығы орталықтан шалғай орналасқан аудандарда бой көтереді. Яғни, Жетісу, Түрксіб және Медеу аудандарында», - деді спикер.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер