Жеңіл атлетика

Нұр-Сұлтанда жүгіруден онлайн жарыс өтеді

Нұр-Сұлтанда жүгіруден онлайн жарыс өтеді
news-banner7
mobile-news-top

28-30 тамыз күндері елордада ҚР Конституция күніне орай жүгіруден және веложүгіруден онлайн жарыс өтеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлімдеді.

Белсенді демалыс әуесқойлары Нұр-Сұлтан қаласының кез-келген саябағында өздеріне қолайлы уақытта спорттық іс-шараға қатыса алады. Ниет білдірушілер таңғы 6-дан 21:00-ге дейінгі уақыт аралығында «Strava» қосымшасы арқылы онлайн қатысуға болады.

Онлайн жарыс қорытындысы бойынша әуесқойлар мен ардагерлер арасында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, медаль, диплом және арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер