Жеңіл атлетика

Елордада жүгіруден және веложүгіруден онлайн жарыс өтеді

Елордада жүгіруден және веложүгіруден онлайн жарыс өтеді
news-banner7
mobile-news-top

28-30 тамыз күндері елордада ҚР Конституция күніне орай жүгіруден және веложүгіруден онлайн жарыс өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлімдеді.

Белсенді демалыс әуесқойлары Нұр-Сұлтан қаласының кез-келген саябағында өздеріне қолайлы уақытта спорттық іс-шараға қатыса алады. Ниет білдірушілер таңғы 6-дан 21:00-ге дейінгі уақыт аралығында «Strava» қосымшасы арқылы онлайн қатысуға болады. Онлайн жарыс қорытындысы бойынша әуесқойлар мен ардагерлер арасында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, медаль, диплом және арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Барлық қатысушылар жеке төлқұжаттарымен алдын ала тіркеуден өтуі тиіс.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер