Ауыр атлетика

Қазақстандық ауыр атлеттер Өзбекстандағы онлайн турнирге қатысады

Қазақстандық ауыр атлеттер Өзбекстандағы онлайн турнирге қатысады
news-banner7
mobile-news-top

27-30 тамыз күндері Өзбекстан тәуелсіздігінің 29 жылдығына орай ауыр атлеткадан халықаралық онлайн кубоктік дода өтеді. Аталған сынға әлемнің үздік спортшылары қатыспақшы.

Қазақстан атынан Зүлфия Чиншанло (55 келі) мен Ибрагим Берсанов (109+) бақ сынайды.

Жарыс ережесіне сәйкес, спортшылар үйінде немесе жаттығу орталығында сынға түседі.

«Турнир онлайн форматты өтсе де, біз үшін өте маңызды жарыс саналады. Бірінші кезекте, команданың рухын көтеруге әсер етеді. Өйткені, спортшылар жарыс алаңын, жарыс атмосферасын қатты сағынды. Сол себепті, олар бұл бәсекеде бар күшін салады», - дейді команда бас бапкері Бақыт Ахметов.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер