Ауыр атлетика

Жетісулық зілтеміршілер командалық есепте бас бәйгені жеңіп алуды көздейді

Жетісулық зілтеміршілер командалық есепте бас бәйгені жеңіп алуды көздейді

Алматы облысының ерлер мен әйелдер құрама командасы Қазақстан чемпионатына дайындалып жатыр. Жерлестеріміз республикалық біріншілікте командалық есепте топ жаруды мақсат еткен. Елішілік жарыс қазан айында Талдықорған қаласында өтпек, деп, хабарлайдыProsports.kz тілшісі.

Сайрамкез Ақмолда былтыр жастар арасында АҚШ-та өткен әлем біріншілігінде топ жарған. Жыл басында Ташкент қаласында болған Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды. Күзде ұйымдастырылатын елішілік жарыста ерлер арасында сынға түспек. 61 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетуді жоспарлап отыр. Онда бас жүлдені иелену мақсатым, дейді зілтімірші

Сайрамкез Ақмолда

Сайрамкез Ақмолда

САЙРАМКЕЗ АҚМОЛДА, АУЫР АТЛЕТИКАДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ:

«Карантин болғандықтан зілтемірді жұлқа көтеру: 120кг, серпек көтеру 150кг. көтеріп, дайындалып жатырмын. Әрі қарай еңбек етіп, өсуім керек. 140кг-170кг. көтеруім керек деп ойлаймын. Сонда ғана Қазақстан біріншілігінде медаль аларым анық».

Болашағынан зор үмііт күттіретін зілтіміршінің бірі - Юлия Патасова. Былтыр Қазақстанның жазғы спартакиадасында алтыннан алқа тақты. 45 келі салмақ дәрежесінде рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Ол, биыл күзде Қазақстан біріншілігінде де жеңімпаз атанып, әлемдік додада топ жаруды көздеп отыр. 

ЮЛИЯ ПАТАСОВА, АУЫР АТЛЕТИКАДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ:

«Мен әр жаттығу сайын 65-85 келі салмақ көтеріп дайындалам. Асықпауға тырысам, жарыс алдында жарақат алып қалмау керек. Біздің алаңсыз дайындалуымызға барлық жағдай жасалған. Сәтін салса, Қазақстан біріншілігінде бізге артылған талапты орындаймыз деп ойлаймын».

Облыс құрамасының дені жастар. Дайындық аптаның 6 күнінде екі уақыттан өтеді. Карантин талаптары қатаң ескерілген. Мәселен, спортшылар дайындалар алдында медициналық тексеруден өтеді. Сонымен қатар, жаттығу  алаңында спортшылар 5-5-тен 5 ауысым бойынша шеберлігін шыңдайды.  

Юрий Клеткин

Юрий Клеткин

ЮРИЙ КЛЕТКИН, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:

«Алматы облыстық дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернатының алуасында ерлермен қатар жасөспірімдерде дайындалады. Арасында, әлем, Азия чемпиондары бар. Барлығы жарыстарда көрсеткен нәтижелерін орындап, бабына келіп қалды. Шәкірттеріміз үмітті ақтайтынына шүбәм жоқ».

Қазақстан біріншілігі қазанның 6 мен 13 күні Талдықорғанда өтеді деп, жоспарланып отыр. Барлығы ойдағыдай болып,  жарыс белгіленген күнінде ұйымдастырылса, жетісулық атлеттер барын салады, деп үміттенеді бапкерлер.

Сергей Седов

Сергей Седов

СЕРГЕЙ СЕДОВ. АУЫР АТЛЕТИКАДАН АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

«Зілтеміршілер бірте-бірте бабына келіп қалды. Жақында Алматы облысы Талғар ауданындағы тауда орналасқан AIBA бокс академиясында дайындалмақпыз. Дайындықты 36 күнге жоспарлап отырмыз. Қазақстан біріншілігінде жастарға сенім артамыз. 55 кг. Ауылханов Аблай, 61 кг. Алексей Дроздов Сон Игор,67 кг. Тайсуев, Совелев,Сайрамкез Ақмолда бар. Бұларды 73кг. және  басқа да салмақтарға да бөлетін боламыз. 102 кг.   Тұмарбаев Андас бар. Командамыз жас болғанмен ерлермен бәсекеге түсе алады».

Жалпы, Алматы облысының ауыр атлетика құрама командасы республикамызда үздік ұжымдардың бірі болып есептеледі. Олар ел чемпионатында үздік өнерімен көзге түсуді көздеп отыр. Сонымен қатар, Қазақстан ұлттық құрама командасы сапына алынуды жоспарлап қойған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0