Жеңіл атлетика

Жеңіл атлет Рымқұлов Дәурен төрт баланы өрттен құрғаны үшін марапатталды

Жеңіл атлет Рымқұлов Дәурен төрт баланы өрттен құрғаны үшін марапатталды
news-banner7
mobile-news-top

Адамдарды, оның ішінде төрт баланы өрттен құтқарған Рымқұлов Дәурен лайықты марапатқа ие болды. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен адамдарды өрттен құтқарудағы ерлігі, батылдығы мен қайсарлығы үшін "Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін" медалімен марапатталды. Бұл туралы ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне Egemen.kz сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Батырға медальді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Серік Әубәкіров табыс етті.

"Айналаны, адамдарды қорғауды өзінің парызы санайтын нағыз қазақстандық азаматқа тән батылдық пен ерлік көрсеткеніңіз үшін алғыс айтамыз, көптеген жылдар бойы кәсіби спортпен шұғылдану Сізге бірнеше адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді", деп атап өтті Серік Әубәкіров.

Естеріңізге сала кетейік, 14 тамыз күні сағат 21.33-те ТЖ департаментінің "101" пультіне Алмалы ауданы Радостовца көшесі 49 үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер келгенде бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтердің дәлізі мен ас үй ашық жалынмен жанып жатты. Өз өмірін қатерге тіккен Рымқұлов Дәурен өрт сөндіру есептері келгенге дейін пәтерде қалған адамдарды құтқаруға ішке ұмтылып, өрт сөндірушілерге қызыл жалынмен күресуге белсенді түрде ат салысады.

Шұғыл жағдайларда адамдарды құтқарып, белсенді азаматтық ұстаным танытқаны және жас ұрпаққа үлгі көрсеткені үшін Алматы қаласы ТЖ департаментінің басшылығы оны марапаттауға ұсыныс жасаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер