Басқа

Мерей Сүйінов чемпиондық белбеу жекпе-жегінде жеңіске жетті

Мерей Сүйінов чемпиондық белбеу жекпе-жегінде жеңіске жетті
news-banner7
mobile-news-top

Мерей Сүйінов болгариялық Камчия қаласында SENSHI CHOMPION тұжырымы бойынша чемпиондық белбеу жекпе-жегінде 85 келіде сынға түсіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарысқа сегіз елден 20 спортшы қатысты. Жерлесіміздің қарсыласы француз Жан-Поль Жако болды. Ол - каратэден Еуропаның үш дүркін чемпионы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Қарсыласына дем бермеген Мерей жеңіс туын желбіретті.

Мерейдің бұған дейін киокушинкан каратэден әлем чемпионы, Азияның екі дүркін чемпионы деген атағы бар. Бірнеше мәрте ірі халықаралық жарыстардың да жеңімпазы атанған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер