Қысқы

Мәнерлеп сырғанаудан Finlandia Trophy турнирі өтпейтін болды

Мәнерлеп сырғанаудан Finlandia Trophy турнирі өтпейтін болды
news-banner7
mobile-news-top

Мәнерлеп сырғанаудан Финлядияның Эспоо қаласындағы халықаралық турнир коронавирусқа байланысты өткізілмейді.

Бұл туралы жарысты ұйымдастырушылар мәлімдеді. Мұндай шешім қабылдауға індеттің толық ауыздықталмағаны себеп болып отыр.

"Финляндия мәнерлеп сырғанау федерациясы жарыстың өтпейтінін үлкен өкінішпен хабарлайды. Бірақ виртуалды турнир өткізу ойымызда бар", - делінген хабарламада.

Аталған бәсеке онлайн форматта өтуі мүмкін. Бірақ виртуалды турнирдің форматы қалай болатыны әзірге белгісіз.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер