«Бавария» УЕФА клубтар рейтингінің көшін бастады
![«Бавария» УЕФА клубтар рейтингінің көшін бастады](https://prosports.kz/upload/news/content//202008/204253_32311c10a70d4dee1ba5297e99cb64ec.jpg?v=28656171)
Мюнхендік клуб Чемпиондар лигасының финалына шыққанының арқасында 134 ұпай жинап, «Реалмен» теңесті. Дегенмен өткен маусымда (2019-20) «Бавария» 34 ұпай жинағандықтан («Реал» - 17), рейтингте көш бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Сондай-ақ, алғашқы ондыққа «Барселона» (128), «Атлетико» (127), «Ювентус» (117), «Манчестер Сити» (116), ПСЖ (113), «Севилья» (100), «Манчестер Юнайтед» (100) және «Ливерпуль» (99) кіріп отыр.
Еске сала кетелік, «Бавария» Чемпиондар лигасының жартылай финалында «Лионды» жеңіп (3:0), турнир финалын шықты.