Басқа

Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы министрліктің ресми сайты хабарлады.

Вице-министр Семей қаласының көпфункционалды мәдени-спорт кешені, Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт академиясы, Семей спорт академиясы, Семей қаласының орталық бассейні, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалды қорық музейі сынды мәдени және спорт нысандарын аралап, олардың қазіргі жағдайын көріп қайтты.

Сонымен қатар ол Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовпен бірге Өскемендегі балалар мен жасөспірімдерге арналған Ольга Рыпакова атындағы облыстық жеңіл атлетикадан олимпиада резерві мектебіне барды.

Ал вице-министр ертең Риддер қаласындағы республикалық мамандандырылған олимпиадалық резерві мектеп-интернат-колледжіне барып, жағдайымен танысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер