Қысқы

Алматы облысында қысқы спорт түрлерінің дамуы қаншалықты деңгейде?!

Алматы облысында қысқы спорт түрлерінің дамуы қаншалықты деңгейде?!
news-banner7
mobile-news-top

Былтыр Алматы облысының спортшылары халықаралық және республикалық жарыстардан 2,5 мыңнан аса медаль жеңіп алды. Оның 1000-ға жуығы алтын. Бұл Қазақстан бойынша үздік көрсеткіш болып есептеледі. Әйтсе де, айтулы нәтижеге қысқы спорт түрлерінің қосқан үлесі аз. Әсіресе, Олимпиада тізіміне кірген мәнерлеп сырғанау, шорт-трек және шаңғы қоссайысы сияқты ойындар кенже қалған. Не себепті? Жауабын Prosport.kz тілшісі зерттеп көрген.

Темірлан Жаңабай биыл 12 жасқа толып отыр. Ол былтыр күзде мамандандырылған балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің шорт-трек бөліміне қабылданды. Содан бері Алматы қаласының ашық біріншіліктеріне қатысып, жүлдегер атанып үлгерді. Мамандар Темірланның болашағына үлкен үміт артады.

Темірлан Жаңабай

Темірлан Жаңабай

ТЕМІРЛАН ЖАҢАБАЙ, ШОРТ-ТРЕКШІ:

«Мен шорт-трекке қатысқаныма 3 ай болды. Әлі қазақстаннан ешкім Олимпиада чемпионы болып көрген жоқ. Мен бұны толықтыруға тырысамын. Болашақта әлем және Олимпиада чемпионы болуға тырысамын».

Шорт-трек - шайбалы хоккей алаңының ішінде қашықтықты максималды жылдамдықта конькимен жүгіріп өтетін сайыстың бір түрі. Шорт-тректен Олимпиада ойындарында ерлермен әйелдер арасында 30 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Алайда, бұл спорт Алматы облысында кенжелеп қалған. Осыған байланысты былтыр облыстық қысқы спорт түрлері бойынша балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде шорт-трек бөлімі ашылды. Оған 80 бала таңдалынып алынған. Олардың көбі Алматы облысының Қарасай ауданынан. Жасөспірімдер іргедегі Алматы қаласына келіп, «Димаш» мұз айдынында аптасына 4 рет дайындалған.

Артем Ковшун

Артем Ковшун

АРТЕМ КОВШУН, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:

«Облыстық спорт басқармасымен мұз айдынының жетекшілері арасында арнайы келісім шарт жасалған. Осыған байланысты өңірлік спорт мектебінің балалары мұнда тегін дайындалады. Жуырда спорттық жабдықтарды аламыз».

Бүгінде кенжелеп тұрған шорт-трек спорты болашақта алдыңғы қатарға шығады, дейді мамандар.Жас спортшылардың беталысын байқаған жергілікті сарапшылар шүбә келтірмейді.

Қуат Құрақбаев

Қуат Құрақбаев

ҚУАТ ҚҰРАҚБАЕВ,АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚЫСҚЫ СПОРТ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША БАЛАЛАРМЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«Жаттықтырушылардың ойымен жұмысына қарағанда, бір екі жылдың көлемінде осы бөлімнің оқушылары республика деңгейінде танымал болады. Үлкен дәрежеге, жақсы дәрежеге жетуіне сенімді болып отырмыз.»

Алматы облысының мәнерлеп сырғанаушылары «Халық Арена»спорт сарайында дайындалып келген. Биыл алғашқы дайындық тобына 42 бала жаттыққан.

Мәнерлеп сырғанайтын балалардың көпшілігі Алматы облысының Талғар ауданынан. Олар жыл басында кесте бойынша аптасына 5 рет дайындық өткізіпті.

АЗАТ ЖӘБЕЛОВ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:

«Бізде балалар 4 жастан 14 жас аралығында жаттығады. Жетістіктерге жету үшін кемінде 10 жыл қажет болады үлкен спортта. Әлемдегі мәнерлеп сырғанау өте қатты алдыға дамып кетті. Сондықтан көп тер төгіп еңбек ету керек бізге».

Мәнерлеп сырғанау үшін тек шеберлік қана емес, әртістік қабілет пен сымбаттылық қажет. Осының барлығын бойына сіңіріп, қажырлы еңбек еткен спортшы ғана белгілі бір нәтижеге қол жеткізбек. Ондай өрендер Алматы облысында бар. Алайда 18 жастан соң басқа өңірге шеберлігін арттыру үшін кетіп қалады, дейді мамандар.

ҚУАТ ҚҰРАҚБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫСҚЫ СПОРТ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША БАЛАЛАРМЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«Алматы облысында қысқы спорт түрі бойынша Олимпиадалық дайындау орталығы жоқ. Сондықтан айтулы жетістікке жеткен жігіттер, ұлдарымыз бен қыздар, үлкен дәрежелі мектептерге кетіп қалуға мәжбүр.»

Тұғырдан секірушілердің бірі Мағжан Амангелдіұлы. Оның шаңғы қоссайысымен айналысқанына 5 жыл. Ол қыс айларында биіктігі 60 метрлік тұғырдан секіріп, артынша 15 шақырымға шаңғымен жүгіріп жаттығу өткізді. Наурыз айында әлем біріншілігіне баруды жоспарлаған.Әлемдегі індеттің өршуіне байланысты ол ойы жүзеге аспай қалыпты. Мағжан Талғар ауданында тұрады. Алматыдағы «Сұңқар»спорт кешеніне барып жаттығады. Арманы да асқақ.

Мағжан Амангелдіұлы

Мағжан Амангелдіұлы

МАҒЖАН АМАНГЕЛДІҰЛЫ, ШАҢҒЫ ҚОССАЙЫСЫНАН СПОРТ ШЕБЕРІНЕ ҮМІТКЕР:

«Мен алғашында дзюдоға қатысып жүрдім. Сосын жаттықтырушыларым осы шаңғыға алып кеткен соң, мен түсіндім тұғырдан секіретінімді және мен қазақтың атын шығару үшін қатыса бастадым. Тұғырдан секіру спортта сирек кездесетін спорт. Екінің бірі бұған қатыспайды. Сол үшін мен осы спортты таңдадым».

Шаңғы қоссайысымен айналысатын балалардың басым бөлігі Талғар ауданының өрендері. Саны 40-тан асады. Мамандардың айтуынша бұл спорт түрі жылдан жылға дамып келеді. Болашақта халықаралық жарыстарда жүлде алатын атлеттер көбейтетіндігіне сенімді.

Айта кетейік қысқы спорт түрлеріне арналған кешендер негізінен Алматы қаласында. Өңір балалары үшін жол ұзақтығы мен уақыт кедергі келтіреді. Мамандардың сөзіне сүйенсек бұл мәселе келешекте шешімін таппақ.

ҚУАТ ҚҰРАҚБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫСҚЫ СПОРТ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША БАЛАЛАРМЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«Алматы облысында мұз сарайлары және басқа да өзіміздің керекті шаңғымен жүгіретін жерлер трамплин дейміз оның барлығы ашылу керек келешекте. Болашақта оны барлығы алматы облысында салынады деп бізге айтылған».

Мамандардың айтуынша бұған дейін дамуы кенже қалған спорт түрлері бірте-бірте өркендемек. Оған облыста барлық жағдайлар қастырылып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер