Али Балоев Алматыда өтетін бокс кешіндегі қарсыласының кім екенін білді
![Али Балоев Алматыда өтетін бокс кешіндегі қарсыласының кім екенін білді](https://prosports.kz/upload/news/content//202008/204253_4c7d36380f1659baea8359f57851d1e0.jpg?v=28664187)
МТК Kazakhstan менеджерлік компаниясы қазақстандық ауыр салмақтағы Али Балоевтің (9-0, 7 КО) кезекті жекпе-жегін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Али Балоев 33 жастағы беларусь боксшысы Юрий Быховцевпен (10-19-3, 5 КО) жұдырықтасады.
Быховцев осыдан екі ай бұрын, 25 маусымда Мәскеу түбіндегі Красногорск қаласында сегіз раундтық айқаста ресейлік Арслан Яллыевтен жеңілген (9-0, 5 КО).
Балоевқа шаршы алаңға соңғы рет 2019 жылдың 6 шілдесінде шыққан. Ол Нұр-Сұлтанда өткен сол бокс кешінде ол бразилиялық Гамильтон Вентурамен (15-7-1, 13 КО) кездесті. Нәтижесінде алты раундтық кездесуде төрешілер бірауыздан жеңісті Балоевке берді.
Айта кетейік, Алматыдағы бокс кешінің бас серіктесі - Parimatch букмекерлік компаниясы.