Дзюдо

IJF індет кезінде жарысқа қатысушыларға қойылатын басты талаптарды жариялады

IJF індет кезінде жарысқа қатысушыларға қойылатын басты талаптарды жариялады
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық дзюдо федерациясы жарыс кезінде қатаң сақталатын талаптар тізімін жария етті. Әлемде кеңінен таралған індетке қарсы вакцинация әлі табылмағандықтан, турнир барысында барлық сақтық шаралары қолданылады.

Жарысқа қатысушылардың барлығы да ережеден аттамауы тиіс. Турнир алдында спортшылар, ресми тұлғалар, бапкерлер мен басқа да қатысушыларға тестілеуден өту міндеттеледі.

IJF мәліметінше, турнирге қатысушылардың барлығы соңғы 14 күнде қандай да бір ауру белгілерінің жоқ екендігін дәледейтін, COVID-19 теріс нәтижесін көрсететін медициналық анықтама әкелуі тиіс. Сондай-ақ, елге және тұрғын үйге кірерде және жарыс өтетін аумақтың барлығында дене қызуы сәт сайын өлшеніп тұрады.

Маска кию татами мен жаттығу залдарынан басқа жерлердің барлығында міндеттеледі.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер