Басқа

Триатлоннан әлемдік серия мен аралас эстафетадан әлем чемпионаты өтеді

Триатлоннан әлемдік серия мен аралас эстафетадан әлем чемпионаты өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық триатлон одағы (ITU) Гамбургте өтетін әлемдік серия мен аралас эстафетадан әлем чемпионатының жарыс кестесін жариялады.

Гамбургтегі ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сын және аралас эстафета 5 қыркүйекке жоспарланған.

Ал Әлемдік серияға 32 мемлекеттен 110 атлет қатысады. Ал азиялық спортшылар сапынан жапондықтар ғана бақ сынайды. Аралас эстафета додасында 22 команда чемпиондық атаққа таласады. Олардың қатарында Қазақстан да бар.

Айта кетелік, ұйымдастырушылар коронавирус індетінен сақтану үшін қауіпсіздік талаптарын қатаң ұстанады.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер