Басқа

Жүзуден 2021 жылғы әлем кубогы кезеңінің жарыс кестесі жарияланды

Жүзуден 2021 жылғы әлем кубогы кезеңінің жарыс кестесі жарияланды
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық су спорты түрлері федерациясы (FINA) жүзуден 2020 жылғы әлем кубогы кезеңдерінің өтпейтінін хабарлады. Сондай-ақ, 2021 жылғы кубоктық кезеңдер мерзімін жария етті.

2021 жылғы әлем кубогы алты кезеңнен тұрады және Токиодағы Олимпиада ойындарынан соң өткізіледі.

Бірінші және екінші кезең Сипгапур мен Цзинан қалаларында жоспарланған (нақты мерзімі кейін хабарланады), үшінші кезең 1-3 қазан күндері Берлинде (Германия), төртінші кезең 7-9 қазан аралығында Будапештте (Венгрия), бесінші кезең 21-23 қазанда Дохада (Катар), алтыншы әрі финалдық кезең 28-30 қазан күндері Қазан қаласында ұйымдастырылады.

2021 жылғы әлем кубогы кезеңдері 25 метрлік бассейнде өтеді және 25 метрлік бассейндегі әлем чемпионатына іріктеу кезеңі болып есептеледі. Аталған чемпионат 2021 жылдың 13-18 желтоқсанында Әбу-Дабиде (БАӘ) өтеді.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер