Дзюдо

Басты мақсатым - Токио Паралимпиадасында жүлдегер атану! - Азамат Нұқышев

Басты мақсатым - Токио Паралимпиадасында жүлдегер атану! - Азамат Нұқышев
news-banner7
mobile-news-top

Елдегі карантинге байланысты жетісулық дзюдошылар бірнеше топқа бөлініп, дайындық өткізіп жатыр. Олар күзде өтетін Қазақстан біріншілігі мен халықаралық турнирлерде топ жаруды көздеп отыр. Жаттығу уақыты аптасына 5 рет, бір жарым сағатқа созылған, деп жазады Prosport.kz тілшісі.

Азамат Нұқышев 12 жылдан бері дзюдомен кәсіби тұрғыда айналысып келеді.Биыл жасы 25-те. Түрлі деңгейде өткен жарыстардың жеңімпазы атанды. Әйтседе, 2013-ші жылы сол жақ көзінен ауыр жарақат алып, үлкен спорттан кетуге мәжбүр болды. Дегенмен қайсар қазақ баласы мойымады. Көп уақыт өтпей жатып, мүмкіндігі шектеулі жандар арасында күресе бастады. Жігері жасымаған жас жігіт алдымен 2017-ші жылы өткен Қазақстан чемпионатында екінші орынға ие болды. Осының арқасында Ұлттық құрамаға қабылданып, халықаралық жарыстарда ел намысын қорғады. Әлемдік «Гран-при»турнирінде 3-ші орны алды. 2018-ші жылы Атырауда өткен әлем кубогіне қатысып, қола жұлдегер атанады. Бір жылдан соң Атырауда Азия біріншілігі ұйымдастырылып, Азамат Нұқышов мұнда да бағын сынады. Нәтижесінде командалық есепте құрлық жеңімпазы болды. Биыл қыста 66 кг. салмағында Қазақстан чемпиондығын жеңіп алды. Оның ендігі арманы Токио Паралимпиада ойындарында топ жару

АЗАМАТ НҰҚЫШЕВ

АЗАМАТ НҰҚЫШЕВ

АЗАМАТ НҰҚЫШЕВ, ДЗЮДО КҮРЕСІНЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ:

«2017-ші жылдан бері ҚР құрамасындамын. Көп жетістіктерге жеттім. Қойған мақсатым Паралимпиада ойындарына жолдама алып, Қазақстанның туын көтеріп, жеңіске жетіп, Қазақ елін қуантқым келеді. Ол менің қолымнан келеді.»

Бапкерлер Азаматтың Токио Паралимпиадасына жолдама аларына сенімді. 26 жастағы спортшы бабында көрінеді. Ол, әлемдік аренадағы қарсылас атанар спортшылардың барлығын біледі. Бірқатарымен кездесіп, жеңіске жетіпте көрген.

АЗАМАТ НҰҚЫШЕВ, ДЗЮДО КҮРЕСІНЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ:

«Мен 66 келі салмақта күресемін. Мен тынымсыз дайындалып жатырмын. Басты қарсыластарымды білем. Олар Грузия, Россия, Жапония, Әзірбайжан балуандары. Негізіген мен өнер көрсететін 66 кг салмағында 70 дзюдошыға дейін күреседі. Бұл әлем бойынше ең көп балуан күресетін салмақ. Мәселен, ауыр салмақтарда балуандар саны 30-дан аспайды. Қазір қараша айында Бақуде жоспарланған халықаралық жарысқа дайындалып жатырмын»

Дзюдошылар қазір бірнеше топқа бөлініп, қаладағы спорт алаңдарында жалпы дене дайындығын өткізіп жатыр. Бірнеше жаттығударды орындап, күш қыздырады. Қауіпсіздік ережесі де қатаң сақталады дейді бапкерлер

АЗАМАТ НҰҚЫШЕВ, АЙДОС УӘЛИЕВ

АЗАМАТ НҰҚЫШЕВ, АЙДОС УӘЛИЕВ

АЙДОС УӘЛИЕВ, ДЗЮДО КҮРЕСІНЕН ОБЛЫС ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

«Қазіргі уақытта 4-5 баладан бөлініп, таңертеңгі, түскі және кешкі уақыт бойынша дайындалып жатырмыз. Жалпы дене дайындығын жасаймыз. Ұйлерінде өтірып жайыындалды. Егер сыртқа шығатын болса, арнайы медициналық масқаларын тағады. Өзіміздің дәрігерлеріміз аптасына бір рет індетке қарсы анализдерін алып жатыр. Тексеріс жүріп жатыр. »

Індет сейілсе, күзде респубилкалық турнирді өткізу көзделген. Ал, сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан чемпионаты ұйымдастырылуыда ықтимал. Жерлестеріміздің басты мақсаты осы бәсекелерде командалық есепте жүлдегер атау

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер