Дзюдо

Басты мақсатым-Қазақ жастары арасынан Олимпиада жүлдегерін шығару! - Айдын Смағұлов

Басты мақсатым-Қазақ жастары арасынан Олимпиада жүлдегерін шығару! - Айдын Смағұлов
news-banner7
mobile-news-top

Қазіргі күні дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасын Айдын Смағұлов жаттықтырады. Бас бапкер болғалы екі жыл уақыт ішінде оның шәкірттері Азия біріншілігімен қатар,«Гранд Слэм», «Гран-при» жарыстарында жүлдегер атанды. Енді Олимпиада жолдамасын олжалауды мақсат еткен, деп жазады Prosport.kz тілшісі.

Айдын Смағұлов - дзюдодан Олимпиада ойындарында жүлдегер атанған тұңғыш қазақ. Сонау 2000 жылы Сиднейде өткен дүбірлі жарыста Айдын Құдайбергенұлы 60 келіге дейінгі салмақта қола медаль иеленіп, төрткүл дүниенің назарын өзіне аударған еді. Ол қола жүлде үшін белдесуде Өзбекстан елінің спортшысы Әлішер Мұхтаровты иппонмен, яғни, таза жеңді.

Сидней Олимпиадасы. Солдан оңға қарай 4-ші тұрған Айдын Смағұлов

Сидней Олимпиадасы. Солдан оңға қарай 4-ші тұрған Айдын Смағұлов

Айдын Смағұлов

Айдын Смағұлов

Айдын Смағұлов, Сидней Олимпиадасының қола жүлдергері:

«Рүстем ағам екеуміз ауылда жаздық кілетімізде шай ішіп, 1996 жылы Алтантадағы Олимпиаданы теледидардан көріп отырдық. Дзюдодан 60 келіде маңғолдың Нармандах деген балуаны күресіп жатты. 3-орын үшін белдесуде қарсыласын ұтады. Сол уақытта Нармандахтың қатты қуанғаны менің жүрегімді күріп кетті. 3-орын алып, соған осынша қуанғаны қалай деп таңғалдым. Ол кезде менің Олимпиадаға барамын деген ойымда да жоқ. Ағам Рүстем:«Егер тынымсыз жаттығу жасап, Алла айыңды оңынан туғызар болса, тура Наймандахтың алған қоласын сенде алып, осындай қуанышты сен де көресің» деген еді. Олда бір ағамның аузына Алланың салып тұрған сөзі болды. Айтаса айтқандай,4 жыл өтісімен Сидней Олимпидасында 3-орын алдым».

Айдын жастайынан туған ағасы Рүстемге еліктеп күрес үйірмесіне барады. Бастапқыда ойын ретінде қабылдағанымен кейін келе тұрақты түрде дайындала бастады

Айдын Смағұлов, Сидней Олимпиадасының қола жүлдергері:

«Балуандық өнермен 2-сыныпта оқып жүргенде айналыса бастадым. Жалпы күреске келуім қызық болды. Әке-шешем жұмыста. Сондықтан мен үйде жалғыз қалатын болғандықтан ағам жаттығуға барғанда мені өзімен бірге ертіп алатын. Мен 4-сынапқа дейін ағаммен жаттығуға барып жүрдім. Одан кейін өзімде күресіп, үздіктер тізіміне ендім».

Айдын Смағұлов бұл өнердің қыр-сырын жергілікті бапкер Бақытбек Мұстафиннен үйренді. Уақыт оза өз қатарының алды болып, ел намысын лайықты қорғайтын дәрежеге жетті. Дзюдодан Қазақстан чемпионы атанды. Орта Азия ойындарында топ жарды. Бірнеше халықаралық турнирде атой салды. Алайда, Сидней Олимпиадасының қарсаңында өткен елішілік чемпионатта сәтсіздікке ұшырап, дүбірлі бәсекеге туған елі атынан қатысуы қиындап кетті.

Айдын Смағұлов, Сидней Олимпиадасының қола жүлдергері:

«Сидней Олимпиадасына 60 келі салмағында үміткерлер өте көп болды. Сондықтан 3-ші орынға ілігудің өзі қиындық туғызды. Қазақстан чемпионатында қола медаль алып жатсаңыз қуануға тұрарлық еді. Өйткені, үздік спортшылар арасында жүлдегер атану екінің бірінің қолынан келмейді. 1999 жылы мен ҚР чемпионатында ұтылып, ақтық сынға шыға алмай қалдым. Сол кезде Ерлан Сіләмбаев деген ШҚО Ұржар ауданының тумасы чемпион болды. Менің алдын-ала кездесулерде жеңіліп қалғандықтан Қазақстан атынан Олимпиадаға бара алмадым».

Айдын Смағұловқа Қазақстандық жаттықтырушылар сенімсіздік білдіргенен кейін Қырғызстанның танымал бапкері Тұратбек Құлыбаев айыр қалпақты ағайынның атынан додаға қатысуға тосын ұсыныс жасайды. Алғашқыда Айдын абыржып қалады. Дегенмен ағаларының қырғыздар қиылып сұрап тұрса, тартынудың реті жоқ деген сөзінен соң келісімін береді.

А.Смағұловтың анасы Қапуза,әкесі Құдайберген, ағасы Рүстем және Кәусәр мен Айым

А.Смағұловтың анасы Қапуза,әкесі Құдайберген, ағасы Рүстем және Кәусәр мен Айым

Рүстем Смағұлов, А.Смағұловтың ағасы:

«Қырғыздарда басқа амал болмады. Өйткені, ол кісілерге Сиднейге күш-қарымы толысқан тәжірибелі балуан апару керек болған. Ондай жігіттер бізде көп болды. Қазақстан намысын Донбай бауырымыз қорғап шықты. Олимпиада күнделікті жарыс емес. 4 жылда бір келеді. Келесі 4 жылды тосқанда, спортшының бабы да кетіп қалуы мүмкін. Отбасымызбен, әке-шешеміз, бапкерлер бірігіп ақылдаса келе, Сиднейде көрші елдің атынан өнер көрсетші деген қырғыздардың ұсынысын қабыл алдық».

Осылайша, Айдын Смағұлов Сиднейде қола медаль ұтып алды. Қырғыздар қалпағын аспанға атты. Олардың қуануы да негізсіз емес. Өйткені, Қырғызстан құрамасына Айдынның жүлдесінен басқа медаль бұйырмаған екен.

Айдын Смағұлов, Сидней Олимпиадасының қола жүлдергері:

«Олимпиада ойындарында күресіп жатқан кезде 3-орын үшін белдесуге шықтым, Қырғыз атынан, екінші қола медаль үшін Қазақстан атынан Донбай Базарбек шықты. Жаттықтырушы Бостан ағамыз алдымен Донбайға келіп,жалынды сөздерін айтып жігерлендеріп, қандай тактика ұстану керегін түсіндірді. Сосын маған келіп: Айдын мұндай мүмкіндік қайта айналып келе ме, келмейме - білмеймін, Оны бір Алла біледі. Сен сондықтан қайтсеңде осы қола медальді алып қалуың керек, деп ақылын айтты. Дондай арғы татамиге шығып қарсыласымен белдесті. Мен көрші татамиде өзбек балуанымен күрестім. Ойлап қарасаңыз, Қазақстан балуандардының мықтылығы. Спорт ойындарының төресі Олимпиада да қола жүлде үшін екі қазақ балуаны жүлдеге таласты».

Айдын Смағұловқа дейін қазақ дзюдошылардының бірде-бірінің Олимп тұғырына табаны тимеді. Осылайша Айдын Құдайбергенұлы 4 жылда бір келетін әлемдегі ең ірі спорт бәсекесінде қазақ балуандарының жолын ашты

Бақытбек Мустафин, А.Смағұловтың алғашқы бапкері:

«Жолы ауыр болды. Өйткені, Айдын 1994 жылы жасөспірімдер арасында самбодан Қазақстанның чемпионы болды. Әлем біріншілігіне барамын деп тұрған жерінен сол кездегі бас жаттықтырушы Айдынды алмай, орнына екінші нөмірдегі басқа балуанды апарды. Сонда Айдын бұл әділетсіздікке қатты қапаланып, дзюдоға ауысты. Сиднейден 3-орын алып келген кезде көптеген жаттықтырушы бармағын тістеп қалды».

Тимур Талабек, дзюдо күресінен Қырғызстан біріншілігінің желдегері:

«Айдын Смағұловты біз мақтан тұтамыз. Ол Олимпиада жүлдегері атанды. Оның қола жүлдесі біз үшін алтынға бергісіз. Оның сол кездегі Олимпиада ойындарында көрсеткен нәтижесіне Қырғызстандық дзюдошылардың еш қайсысы әлі күнге дейін жеткен жоқ. Біз Айдын ағаға ұқсағымыз келеді. Айдын ағаның дайындалған әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып жаттығамыз».

Айдын Смағұлов Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласында дүниеге келген. Ата-анасы 40 жылдан аса уақыт байланыс саласының қызметкері болды. Қазір зейнетте. Айдын өзі туға өлкеге жиі ат басын бұрып тұрады. Жықындарымен қауышып, амандықтарын білуді дағдыға айналдырған. Әкесі Құдайберген ақсақалдың айтуынша айтынға батыр әрі балуан болған аталарының қасиеті дарыған дейді.

Солдан оңға қарай А. Смағұловтың анасы Қапуза, әкесі Құдайберген, Айдын Смағұлов және қызы Кәусар

Солдан оңға қарай А. Смағұловтың анасы Қапуза, әкесі Құдайберген, Айдын Смағұлов және қызы Кәусар

Құдайберген Смағұлов, А. Смағұловтың әкесі:

«Айдын 6кг,800г болып өмірге келді. Шешемнің бауырлары атақты балуан болған. Айдын мүмкін сол бабаларымызға тартқан болар. Қарагерей Қабанбайдан тараған Қасабай деген атамыздың мен 8-ші ұрпағымын. Айдын 9-шы ұрпағы болып отыр».

Айдынның үлкен спортқа келуі туған ағасы Рүстеммен тікелей байланысты. Рүстем қысқа мерзімде көпке танылған балуан. Самбодан түрлі деңгейде өткен жарыстарда чемпион болды. Грузияда өткен жасөспірімдер арасында КСРО чемпионы атанды. Қазір жаттықтырушы.

Рүстем Самағұлов, А.Смағұловтың ағасы:

«Айдын барымыз Олиапиада жүлдегері болғанда, ауылдағы балалар жаппай дзбдо күресіне бет бұрды. Қазір аяқ алыстары жаман емес. Облыстық, республикалық жарыстарда жүлде алып жүр».

Айдын Смағұлов Олимпиада ойындарынан соң ереженің өзгеруіне байланысты еліміздің бірқатар өңірінде болып, балуандармен бапкерлерге әдіс-тәсілдерді түсіндіріп отырады. Айдын Самағұлов дзюдодан бөлек ұлттық өнеріміз қазақ күиресінде өрге сүйреді. Соңғы 5 жылда Алматы облысының қазақ күресін қолға алып, дарынды жастарды жанына жинап оқу - жаттығу жиындарын өткізіп отырды. Психологиялық дайындығына да аса мән берді. Нәтиже де көп күттірген жоқ шәкірттерінің бірі Тоқтар Қарқатеров Орынборда өткен әлем чемпионатында алтын медалды олжалады.

Тоқтар Қарқатеров, әлем чемпионы болған сәті

Тоқтар Қарқатеров, әлем чемпионы болған сәті

Айдын Смағұлов отбасымен. Солдан оңға қарай 1-ші қатарда Айдын Смағұлов, жары Евгения, кіші қызы Кәусар. Екінші қатарда қызы Арайлым, ұлы Берік

Айдын Смағұлов отбасымен. Солдан оңға қарай 1-ші қатарда Айдын Смағұлов, жары Евгения, кіші қызы Кәусар. Екінші қатарда қызы Арайлым, ұлы Берік

Айдын Смағұловтың негізгі мақсаты қазақ жастары арасынан дзюдо күресі бойынша әлем, Олимпиада чемпионын дайындау. Ол күннің алыс емес екендігіне Даңқты балуан шүбә келтірмейді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер