русский язык
Әлем футболы

«Челси» ойыншысы «Арсеналға» ауысты

«Челси» ойыншысы «Арсеналға» ауысты
news-banner7
mobile-news-top

«Челси» футбол клубының жартылай қорғаушысы Виллиан мансабын «Арсеналда» жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы «Арсеналдың» ресми сайты хабарлады.

Бразилиялық футболшы «Арсеналға» еркін агент ретінде ауысты. Келісімшарт 3 жылға жасалды, жылына 6 миллион фунт стерлинг көлемінде жалақы алады.

Айта кетейік, Виллиан «Челси» сапында 7 жыл бойы өнер көрсетті. 2019/20 жылғы маусымда 47 ойынға қатысып, 11 гол соқты және 9 нәтижелі пас шығарды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;