Дзюдо

Жіткеев: Олимпиададағы әр белдесу, финалының әр секунды есімде

Жіткеев: Олимпиададағы әр белдесу, финалының әр секунды есімде
news-banner7
mobile-news-top

Осыдан 12 жыл бұрын, 2008 жылы аспан асты елі Қытай астанасы Бейжіңде қазақстандық дзюдошы Асхат Житкеев Олимпиада ойындарының күмісіне қол жеткізді. Аталған медаль Қазақстан спорт тарихында дзюдо бойынша Олимпиада ойындарынан қазақстандық дзюдошылардың тұңғыш медалі болды.

Кәсіби спорттағы мансабын аяқтаған татами шебері Асхат Жіткеев Бейжіңдегі күндерін есіне алып, Олимпидадағы әр белдесуі кешегідей есінде екенін айтты.

«...үшінші рет Қытай астанасы Бейжиңде өткен Олимпиада ойындарына қатыстым. Бейжиңге дейін екі Олимпиадада шыңдалдым, осыған дейінгі қателерімді қайталағым келмеді. Эмоцияға бой алдырмай, барынша ақылға салып, жауапкершілікті сезіндім. Жасыратыны жоқ, Бейжиң Олимпиадасына дейін күресті қойғым келді. Бірақ, жаттықтырушыларым мен ата-анам, жақындарымның қолдауының арқасында Олимпиаданың жеңіс тұғырына дейін жеттім. Жақындарымның сенімінің арқасында Олимпиада медалінсіз спорттан кеткім келмейтінін ұқтым. Бапкерлерім психологиялық қысым жасамайық деп, Олимпиадаға күнделікті жаттығуымызды жасап, дайындалдық. Артақ күш қоспай, тактикалық, психологиялық тұрғыдан бір тепмпен дайындалып жүрдік. Алдыңғы екі Олимпиадам сәтсіз болғандықтан, көптің сенімінен шығып қалдым, көбісі медаль алады деп ойлаған жоқ еді. Бірақ, жаттықтырушыларым мен жақындарымның сенімінің, қолдауының арқасында финалға дейін жетіп, күміспен күптелдім. Тарихи сәт еді. Қазақстанға дзюдодан Олимпиаданың бірінші медалін әкелгеніме балаша шаттанып, қуанышымда шек болмады. Олимпиаданың алдында тоқтамай, медальға дейін жеткеніме шын қуандым. Бақ пен бап қатар шапты деген осы болса керек?!

Үлкен жарыстардың қайссын алсаңыз да әр белдесуі кешегідей есімде. Әсіресе, Олимпиаданың. Олимпиаданың финалы... финалының әр секунды есімде. Олимпиададағы қуаныш та, өкініш те санамда сақтаулы», - дейді Асхат Жіткеев Olympic.kz берген сұхбатында.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер