Әлем футболы

Еуропа лигасы: «Севилья» ағылшын командасын ұтып, 1/2 финалға шықты

Еуропа лигасы: «Севилья» ағылшын командасын ұтып, 1/2 финалға шықты
news-banner7
mobile-news-top

Еуропа лигасының ширек финалындағы матчта «Севилья» ағылшындық «Вулверхэмптонды» 1:0 есебімен жеңді. Кездесу Дуйсбургтегі «Шауйнсланд-Райзен-Арена» стадионында өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ағылшын клубы есепті 13-минутта ашуға мүмкіндік алған еді, бірақ Рауль Хименес пенальтиді сәтсіз орындады. Жалғыз, әрі жеңісті голды испаниялық команда сапынан 88-минутта Лукас Окампос соқты. Эвер Банега нәтижелі пас авторы атанды.

Жартылай финалда «Севилья» «Манчестер Юнайтедпен» кездеседі. Матч 16 тамызда Кельнде «Райн-Энерги» стадионында өтеді.

«Севилья» бес рет Еуропа Лигасын жеңіп алды, бұл турнирлік рекорд.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер