Әлем футболы

Моуриньо 34 жастағы футболшымен орталық қорғанысын күшейтпек

Моуриньо 34 жастағы футболшымен орталық қорғанысын күшейтпек
news-banner7
mobile-news-top

Диего Годин Лондонда өнер көрсетуі мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

«Интердің» 34 жастағы қорғаушысын «Тоттенхэмге» ауысуы мүмкін. Команда бас бапкері уругвайлық ойыншыны шақыру арқылы орталық қорғанысты күшейтуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, «Интер» сапында Годин өткен маусымда А сериясында 23 ойынға қатысып, 1 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді. Миландық команда чемпионат қорытындысы бойынша екінші орын алды.

Годин ұзақ жылдар бойы «Атлетико Мадрид» сапында өнер көрсетіп, Испания чемпионатын жеңіп алды. Екі мәрте Чемпиондар лигасының финалына жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер