Басқа

Карантинде күйзеліске жол бермеу керек: Психолог маманның спортшыларға кеңесі

news-banner7
mobile-news-top

Спорт – психология. Екі сөз екітүрлі болғанымен, қазірде егіз ұғым. Спорт пен психологияны қатар алу себебіміз, үлкен спортта спортшының жеңісінің арқасында аталған маман иелерінің де еңбегі орасан зор. Эмоцияңды басқарып, жеңіске жеткенде жанып кетпеуге, жеңіліске ұшырығанда өзіңді жоғалтып алмауға психология мамандарының тікелей әсері бар. Сондай-ақ, спортшылар физикалық дайындықпен қатар, психологиялық тұрғыдан да жаттығуды кеңінен жасайды.

Ұлттық Олимпиадалық комитетінде ұлттық құрама мүшелерімен тығыз қарым-қатынаста болып, оларға психологиялық тұрғыдан бағыт-бағдар беретін арнайы ғылыми кешенді топтың мамандары қызмет атқарады. Осыған орай, Olympic.kz сайтында бүгін ҰОК спорттық медицина және допингке қарсы департаментінің мамандары #TeamKZ мүшелерін мазалаған сұрақтарға жауап береді.

«Спортшылардың өмір сүру салты ерекше. Олар үнемі белсенді қозғалыста, режим сақтап, жаттығу мен жарыстың арасында өмір сүреді. Климат ауыстырып, шетелге жиі сапарлайды. Сондықтан, қазіргі оқшаулану – спортшылар үшін демалыс. Отбасы мен жақындарының ортасынан табылып, күш жинауға негізгі себеп болады.

Спортшылардың әлеуметтік белсенділігінің жоғары деңгейіне байланысты әртүрлі шектеулер белгілі бір дәрежеде күйзеліске әкелуі мүмкін. Осыған орай, карантин кезінде күйзеліске берілмес үшін үнемі өзіңді бақылап, жоспарлы түрде жағдайды реттеуге тырысу керек. «Мен қайдамын?», «Не істеймін?», «Не істеп жатырмын?», «Неге мен мұны істеп жатырмын?» деп, әр әрекетіңізге жауапкершілікпен қарап, мақсат қойып, қорытынды шығарыңыз. Сіздің басты міндетіңіз – жағдайды ушықтырмай, алға ұмтылу, карантинде күйзеліске жол бермеу. Одан бөлек, күнтәртібін ретке келтіріп, соны сақтауды тоқтатпау тиіс. Тамақатануды жіті қадағалаңыз. Бапкер, жаттықтырушылар нұсқауын үнемі ойда ұстаңыз. Арнайы жоспармен жұмыс істеп, қажет болған жағдайда, команданың психологына жүгінуден қорықпаңыз», - дейді психолог Айгүл Жаныбаева.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер