Каньяс «Тараз» ойыншысы атанды

Каньяс «Тараз» ойыншысы атанды
news-banner7
mobile-news-top

«РБ-Спорт Қазақстанға» белгілі болғандай, колумбиялық жартылай қорғаушы Рохер Каньяс «Таразбен» келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еңбек шарты 2020 жылдың соңына дейін есептелген.

Колумбия қазіргі уақытта Қазақстанға бару үшін виза күтіп отыр.

Бұған дейін Ресейде Новосибирскінің «Сибирінде» ойнаған 30 жастағы Рохер Каньяс - Қазақстанның төрт дүркін чемпионы (үш рет «Астанамен», бір рет қарағандылық «Шахтермен») және АПОЭЛ сапында Кипр чемпионы атанған.

Өткен жазда павлодарлық «Иртыштан» кеткеннен кейін, Каньяс еркін агент болып қала берді.

Transfermarkt футболшыны 800 мың еуроға бағалайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер