Қазақстан құрамасының ойыншылары Абай өлеңдерін оқыды

Қазақстан құрамасының ойыншылары Абай өлеңдерін оқыды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан футбол федерациясы Instagram желісіндегі ресми парақшасына әртүрлі құрама ойыншыларының Абай өлеңдерін оқыған видеосын жариялады, деп жазады Prosports.kz.

«Ақын, философ, демократ, ойшыл және композитор Абай Құнанбайұлының дүниеге келгеніне 175 жыл.

Жер жаһанға танылған ағартушының шығармашылық мұрасы адамзатқа баға жетпес рухани құндылық болып қала бермек.

Заман мен қоғамдық сана өзгергенімен, Абай Құнанбайұлының еңбектері халықтар мен ұрпақтар үшін құнын жоғалтпайтыны айқын.

Қазақтың ұлы ақынының мерейтойына орай, еліміздің құрама командаларының ойыншылары оның туындыларын жатқа айту арқылы құрмет көрсетуді ұйғарды», деп жазды федерацияның баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, жақында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 10 тамызды «Абай күні» деп жариялау туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер