Ньюадзи: «Таразға» оралғаныма қуанышымын

Ньюадзи: «Таразға» оралғаныма қуанышымын
news-banner7
mobile-news-top

Франциялық шабуылшы Серж Ньюадзи «Тараз» жейдесін тағы киді. Ол клубтың баспасөз қызметіне өзінің қайта оралуы туралы әңгімелеп берді.

- Серж, клубқа қош келдің!

- Рақмет! Тараз қаласына қайта келгенімен өте қуаныштымын. Осыны өзім де қаладым. Былтырғы маусымда менің өмірімдегі тамаша сәттер осында өтті. Мұның бәрі есімде. Мінекей, тағы келіп отырмын. Келуіме клуб тарапынан да қызығушылық болды. Жоғары нәтижелер көрсетуге бар үлесімді қосамын деп үміттенемін.

- Өткен біріншілікте команда жоғары лигада қалу үшін күресті. Биыл қандай көрсеткішке жетуді қалайсың?

-Менің ойымша, былтырғы чемпионат қиындау өтті. Дегенмен көдегенімізге жетіп, премьер лигада қалдық. Биыл одан да жақсырақ ойнауымыз қажет. Мен командаға сенемін. Себебі жалпы алғанда құрам өте жақсы.

- Қазір елде пандемияға байланысты үзіліс. Ал қазір Франциядағы ахуал қалай?

- Қазір барлық елде түбегейлі тұрақтылық жоқ. Қазір сәл де болса түзелеп келеді. Карантин аяқталып, адамдар жұмысқа шығып, жағажайларда қыдыруда. Бірақ сонда да барлығы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы керек.

- Соңғы рет қашан үйде болдың?

- Менің жолым болды. Қаңтар айында үйге барып, біраз күн отбасыммен болдым. Сосын қайта жаттығуларға оралдым.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер