Тұрысбек: Егер «Таразға» сенбесем, бұл клубқа ауыспас едім

Тұрысбек: Егер «Таразға» сенбесем, бұл клубқа ауыспас едім
news-banner7
mobile-news-top

«Тараз» футбол клубымен келісімшартқа отырған Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Бауыржан Тұрысбек клубтың баспасөз қызметіне сұхбат берді.

- Бауыржан, сізді «Таразда» көргенімізге қуаныштымыз. Неліктен біздің клубты таңдадыңыз?

- Қарағандылық «Шахтер» клубы мені командада көргісі келмейтіндерін және, мүмкін, клубтан кетіп, басқа нұсқаларды іздеуім керек екенін түсіндірді. Бұл трансферлік терезе қысқа болды және шешім тез қабылдануы керек еді. Ал «Тараз» клубынан мен қызығушылық пен сенімді байқадым. Менің де бұл клубқа деген қызығышылығым болды және бұл басты фактор болды.

- Келгеннен кейінгі алғашқы әсеріңіз?

- Біз "Таразға" жыл сайын, кейде жылына екі рет келетін едік, сондықтан көп нәрсе таныс. Маған клубтың базасы ұнады, табиғи алаң - клубтың артықшылығы. Сонымен қатар, ұжымдағы жақсы көңіл-күй. Олар мені жақсы қабылдады. Одан әрі жақсы болады деп ойлаймын.

- Клубпен қандай жетістікке жетуді қалайсыз?

- Мен үшін ең бастысы - ойнау, гол соғу және жеңіс. Командамен бірге өсуді қалаймын, мен де ұлттық құрамада ойнағым келеді және менің дәлелдегім келетін нәрсе бар. Егер жеңістер болса, біз жетістікке жетеміз деп ойлаймын. Мен "Таразға" сенемін, сондықтан осы клубқа ауыстым.

- Жанкүйерлерге не тілейсіз?

- Қазір футболдағы қиын сәтті бастан кешірудеміз, жанкүйерлерсіз ойнайтынымыз өкінішті. Мен үшін бұл эмоция мен қолдаудың жоғалуы. Бірақ пандемиямен байланысты жағдай тұрақтандырылып, жақын арада стадиондар тағы да жанкүйерлерге толады деп сенемін. Ал әзірге команда жанкүйерлеріне шыдамдылық тілеймін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер