«Академия Оңтүстік» командасын қазақстандық маман жаттықтырады

«Академия Оңтүстік» командасын қазақстандық маман жаттықтырады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық маман Қуаныш Қарақұлов «Академия Оңтүстік» командасының бас бапкері болып тағайындалды, деп жазады Prosports.kz.

43 жастағы Қарақұлов бұған дейін Бірінші лигада бақ сынайтын «Мақтаарал» командасының бас бапкері болған. Жетісайлық клубта 2018 жылдың шілдесіне дейін жұмыс істеді. Ал былтырдан бастап «Академия Оңтүстік Ж» командасын жаттықтырды.

Айта кетейік, кеше «Академия Оңтүстік» командасының бас бапкері Левон Касабоглянның 34 жасында қайтыс болғаны хабарланған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер