Басқа

«Алматы марафонын» ұйымдастырушылар онлайн марафон өткізеді

«Алматы марафонын» ұйымдастырушылар онлайн марафон өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

«Алматы Марафоны» биыл виртуалды режимде өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Іс-шара Virtual Run деп аталады. Шараға қатысу тегін. Жарысқа 18 жастан асқан кез-келген дайындық деңгейіндегі әуесқой спортшы қатыса алады.

Жарыс ережесіне сай, 4 апта бойы әрбір қатысушы 4 түрлі қашықтықты қалаған уақытта және кез-келген жерде жүгіріп өте алады. Бірінші аптаның жарысы 10-16 тамыз аралығында өтеді. Тіркелу 12 тамызда немесе 500 адам шегіне жеткенде аяқталады. Жүгіру қашықтығы - 5 шақырым.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер