Ауыр атлетика

Илья Ильин допинг дауы жайлы: Өзімді кінәлі санамаймын

Илья Ильин допинг дауы жайлы: Өзімді кінәлі санамаймын
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин Instagram-парақшасында допинг дауы туралы пікірін айтты.

– Мансабымдағы ең маңызды мәселені қозғасам деймін. Сол допинг дауы үшін мені кінәлі санайтындарға жауап беруді шештім. Олимпиададағы жеңісім үшін берілген сыйақыны қайтару жайлы.

Мен өзімді кінәлімін деп есептемеймін. Өйткені оған себебім де, дәлелім де бар. Өзім өткізген баспасөз-мәслихатында айтқанымдай, егер мемлекет сыйақына сұраса қайтарып беремін.

Сыйақыны қайтар деп пікір жазған адамдар спортты аз да болсын түсінсе менің кінәмнің кішкене ғана екенін білер еді. Ол кезде мен бар соққыны үндемей-ақ өзіме қабылдадым. Дегенмен бұл ісіме өкінбеймін, өйткені мен халқым қолдады.

Көп адам бұл жеңістер үшін неден өткенімді түсінеді. Жастық шағым мен денсаулығымды құрбан еттім. Ал оны қайтара алмаймын. Бірақ менен осы жолды тағы өтемісің деп сұраса ойланбастан келісер едім»,- деп жазды Илья Ильин.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер