Талғат Байсуфинов жаңа құрылған клубта қызметке тағайындалды

Талғат Байсуфинов жаңа құрылған клубта қызметке тағайындалды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық тәжірибелі маман Талғат Байсуфинов жаңадан құрылған «Ақсу» клубының спорт директоры қызметіне тағайындалды.

Биыл «Ертіс» командасы Қазақстан Премьер-лигасына қатысудан бас тартып, өмір сүруін тоқтатқан соң Павлодарда жаңа клуб құрылды.

Жаңа командаға «Ақсу» атауы берілді. Енді құрылған ұжым келер маусымда Екінші лигада бақ сынап, араға екі жыл салған соң Премьер-лигаға шығады деп жоспарлануда.

Естеріңізде болса, мамыр айының соңында Қазақстанның алты дүркін чемпионы «Ертіс» Премьер-лигаға қатысудан бас тартқан болатын.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер