«Ордабасыға» Еуропа лигасында қарсылас атануы мүмкін командалар үшке дейін қысқарды

«Ордабасыға» Еуропа лигасында қарсылас атануы мүмкін командалар үшке дейін қысқарды
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Ньонда Еуропа лигасының алғашқы іріктеу кезеңінің жеребесі тартылады.

Шымкенттік «Ордабасы» іріктелген командалардың тізіміне енді. Жеребеде қазақстандық командаға латвиялық РФШ (Рига) мен «Валмиера», румыниялық «Ботошани» клубтары қарсылас атануы мүмкін.

Еуропа лигасының алғашқы іріктеу кезеңі бір матчтан тұрады. Кездесулер 27 тамызға жоспарланған.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер