Жеңіл атлетика

Коронавирус кесірінен Astana Marathon турнирі өтпейтін болды

Коронавирус кесірінен Astana Marathon турнирі өтпейтін болды
news-banner7
mobile-news-top

Жыл сайын өтетін Astana Marathon ұйымдастырушылары биыл турнирдің өткізілмейтіні туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бүгін біз Астана Марафонының COVID-19 байланысты өтпейтінін растаймыз. Осы жылдың басында біз қыркүйек айында коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген шектеулер жеңілдетіліп, жыл сайынғы жарысымыз өтеді деп үміттенген едік. Өкінішке орай, биыл біз, көптеген басқа марафон ұйымдастырушылары сияқты, сіз үшін қауіпсіз әрі ыңғайлы жарысты ұсына алмаймыз. Тіркелген барлық қатысушылар төлем туралы электрондық хат алады.

Денсаулығыңызға көңіл бөліңіз, біз келесі жылы көрісеміз деп үміттенеміз», - деп жазды ұйымдастырушылар Instagram-да.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер