«Астананың» жаңа ойыншысы өзіне нөмір таңдады

«Астананың» жаңа ойыншысы өзіне нөмір таңдады
news-banner7
mobile-news-top

Ел чемпионы «Астана» сапына сербиялық қорғаушы Урош Радаковичтің қосылғанын ресми хабарлады.

Тәжірибелі қорғаушы қазақстандық командаға 1 жылға жалға берілген. Ол «Астана» сапында 4 нөмірлі жейдемен өнер көрсетеді.

Transfermarkt.de басылымы 26 жастағы футболшының нарықтағы құнын 1 миллион еуроға бағалаған. Ол мансабында Сербияның «Пролетер», Италияның «Болонья» мен «Новару», Чехияның «Сигма» мен «Спарта» және Ресейдің «Оренбург» командалары сапында доп тепкен.

Биыл «Астана» Чемпиондар лигасында бақ сынайды. Алғашқы іріктеу кезеңі 18 не 19 тамыз күні өтеді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер