Басқа

WADA спортшылар мен бапкерлерге арналған жаңа бағдарлама дайындады

news-banner7
mobile-news-top

Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік (WADA) Токио Олимпиадасына дайындалып жатқан спортшылар мен бапкерлерге арнап электронды оқудың жаңа курсын дайындады.

«2020 жылғы Токио Олимпиадасына арналған ADeL» атты жаңа курсты ВАДА мен Халықаралық Олимпиада комитеті және Халықаралық тестілеу агенттігі (ITA) бірлесе дайындаған.

Бұл бағдарлама олимпиада қарсаңында спортшылардың допингке қатысты сауаттылығын арттыруға арналады. Жаңа курсқа қатысқан спортшылар мен бапкерлер допингке қарсы ережелермен танысып, терапиялық мақсатта қолдануға арналған дәрі-дәрмектер тізімімен танысады.

Айта кетелік, бұған дейін ВАДА мен ХОК медициналық қызметкерлерге арналған курс бастаған болатын.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер