«Астана» сапына Урош Радаковичтің қосылғанын ресми хабарлады

«Астана» сапына Урош Радаковичтің қосылғанын ресми хабарлады
news-banner7
mobile-news-top

Ел чемпионы «Астана» сапына сербиялық қорғаушы Урош Радаковичтің қосылғанын ресми хабарлады.

Күні кешеЧехияның «Спарта» клубы ресми сайтында ойыншысының «Астанаға» ауысқанын хабарлаған еді. Тәжірибелі қорғаушы қазақстандық командаға 1 жылға жалға берілген.

Transfermarkt.de басылымы 26 жастағы футболшының нарықтағы құнын 1 миллион еуроға бағалаған. Ол мансабында Сербияның «Пролетер», Италияның «Болонья» мен «Новару», Чехияның «Сигма» мен «Спарта» және Ресейдің «Оренбург» командалары сапында доп тепкен.

Биыл «Астана» Чемпиондар лигасында бақ сынайды. Алғашқы іріктеу кезеңі 18 не 19 тамыз күні өтеді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер