Қазақстандық футболшы Латвия клубы сапында алғашқы матчын өткізді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық ойыншы Рамазан Оразов Латвияның «Даугавпилс» командасы сапындағы алғашқы матын өткізді.
Латвия чемпионатының 13 туры аясында өткен «Метта/ЛУ» командасына қарсы матчта Рамазан Оразов 81-ші минутта алаңға шықты. Ал оның командасы 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Рамазан Оразов қаңтар айында «Қайратпен» келісімшартын бір жақты бұзып, Латвия чемпионатына ауысқан болатын.