Бокс

Қазақстандық боксшының Мәскеудегі жекпе-жегі өтпейді

Қазақстандық боксшының Мәскеудегі жекпе-жегі өтпейді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Александр Журавскийдің Мәскеудегі жекпе-жегі өтпейтін болды.

«Нокаут патшалары» турнирі 10 тамызда Мәскеуде «Vegas City Hall» аренасында өтеді. 35 жастағы боксшы WBO және IBF Сontinental титулдарының бұрынғы иегері Хусейн Байсангуровпен жұдырықтасуы қажет болған.

Александр Журавский Павлодардан Алматыға, одан кейін Мәскеуге ұшуы қажет болатын. Алайда шекараның жабық болғанының салдарынан көптеген әуе рейстері кейінге шегерілгендіктен боксшы Ресейге ұша алмаған. Осы себепті ол жекпе-жектен баст тартты.

Кештің басты жекпе-жектерінде Евгений Шведенко мен Максим Смирнов және Рашид Кодзоев пен Дмитрий Сухотский арасында өтеді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер