Бокс

Америкалық боксшы не үшін Головкинмен жекпе-жек өткізбейтінін түсіндірді

news-banner7
mobile-news-top

Америкалық боксшы Брэндон Адамс (21-3, 13 КО) не үшін Геннадий Головкинмен кездесуден бас тартқанын айтып берді.

– Чарломен кездесудің алдында менде Головкиннен ұсыныс болды. Біз ол ұсыныстан бас тартып, Чарломен шықтық. Өйткені, бұл кездесуден көбірек ақша табуға болатынын түсіндік. Головкиннің командасы 166 фунтта қарсылас іздеді. Ал мен болса әрең 160 фунтқа жететін ем. Мен әлемдегі ең ірі жігіттердің қатарынан емеспін. 160 фунттың өзі менің ағзам үшін қиын. Сондықтан мен онымен шыққым келмеді. Маған денсаулығым маңызды. Біз онымен төмен салмақта кездесу өткізу туралы келісейін деген едік. Бірақ ол келіспеді, - деді Адамс.

Айта кетейік, Головкин шарашы алаңға қазанда шығады деп күтілуде. Оның қарсыласы польшалық Камиль Шеремета (53-1-2, 36 КО) болу керек. Бұл кездесуде отандасымыз IBF белбеуін қорғайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер