Әлем футболы

АПЛ-дың «үздік бапкер» атағына үміткерлер тізімі белгілі болды

АПЛ-дың «үздік бапкер» атағына үміткерлер тізімі белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Англия Премьер-лигасы өзінің ресми сайтында Англия чемпионатының ең үздік жаттықтырушысы атағына үміткерлердің тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz Championat.com сайтына сілтеме жасап.

Бір қызығы, АПЛ-да екінші орыннан көрінген «Манчестер Ситидің» бас бапкері Хосеп Гвардиола аталған тізімде болмай шықты.

Тізімде төрт маман бар: Юрген Клопп («Ливерпуль»), Фрэнк Лэмпард («Челси»), Брендан Роджерс («Лестер Сити»), Крис Уайлдер («Шеффилд Юнайтед»).

Клопп «Ливерпульді» осы маусымда чемпиондыққа алып келді. Сонымен қатар команда 38 турда 99 ұпай жинап, клуб рекордын орнатты.

Өткен жазда «Челсиге» бас жаттықтырушы болып келген Лэмпард алғашқы кампаниясында-ақ Чемпиондар лигасына жолдама алды. Команда 4-орын алды. Роджерстің жетекшілігімен «Лестер» ұзақ уақыт бойы үздік 4-орында тұрып, соңында бесінші сатыға жайғасты. Уайлдер» «Шеффилдті» бір жыл бұрын Премьер-лигаға әкеліп, команда бірден тоғызыншы орынға тұрақтады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер