Қазақстандық футболшы шетелдік клубқа ауысты

Қазақстандық футболшы шетелдік клубқа ауысты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы қорғаушысы Карам Сұлтанов әзірбайжандық «Сумгаит» клубының ойыншысы болды. Бұл туралы спорт журналисі Айдын Қожахмет өзінің Kozhakhmet_inside Телеграм-арнасында мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның айтуынша, келісімшарт екі жылға жасалған.

Команданың бас жаттықтырушысы - жергілікті маман Айхан Аббасов. Өткен маусымда Әзірбайжан клубы ұлттық чемпионатта төртінші орын алды және тарихта тұңғыш рет Еуропа лигасында ойнау құқығына ие болды.

Бұған дейін қазақстандық футболшы «Ордабасы», «Бәйтерек» және «Қызыл Жар» командаларында ойнаған. 2020 жылдың басында ойыншы «Каспийге» ауысты, бірде-бір ресми матч өткізбеді.

Суретте: «Қызыл-Жар СК» ФК

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер